Астана қаласы
2023 жылғы 25 қыркүйек пен 6 қазан аралығында XI Астаналық азаматтық форум аясында біз елордалық ҮЕҰ арасында әлеуметтік бейнероликтер байқауын өткіздік.
Бұл іс-шара «Астана қ. ҮЕҰ Альянсы» ЗТБ мен «КАМЕДА» ҚҚ ынтымақтастығының арқасында, «Астана қ. Ішкі саясат басқармасы» ММ қаржылық қолдауымен жүзеге асты.
Бейне-конкурстың мақсаты – бейнероликтер арқылы халықты ақпараттандыру және қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үлес қосу болды.
Түскен әрбір ролик қайталанбас және әсерлі болды. Алайда конкурстың ережесі мен шарттарына сәйкес тек 10 жұмыс іріктеліп, 500 000 теңге сомасына сертификат иегерлері атанды:
-
ОО «Больных-инвалидов рассеянным склерозом» г. Астана
-
ОФ «Реабилитационных технологий и концепций»
-
ОБФ «Нұр Әлем Қазақстан»
-
ОФ «Семей-ЯП»
-
ОФ «Strong Mothers NS»
-
ОФ «Мама Про»
-
ОФ «Best For Kids»
-
«Қарашаңырақ» РҚБ
-
ОФ «Мир равных возможностей»
-
Молодежное движение корейцев
Қалған қатысушылар дипломдармен марапатталып, біздің серіктестеріміз бен демеушілерімізден сыйлықтар берілді.
Біз сіздердің белсенділігіңіз бен адалдығыңызбен мақтанамыз. Сіздердің роликтеріңіз бізді шабыттандырғаны ғана емес, қоғамымызда маңызды хабарларды таратуға да көмектесті.
Байқау жеңімпаздарының бейнероликтерін «КАМЕДА» ҚҚ YouTube арнасынан көруге болады.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!