Астана қаласы

2023 жылғы 13 қазанда елордада XI Астаналық азаматтық форум өтті.

Қар. 17, 2023 | Қаралымдар: 28

Форум «Астана қ. ҮЕҰ Альянсы» ЗТБ, Астана қ. Ішкі саясат басқармасы және «КАМЕДА» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті және азаматтық қоғам, мемлекеттік институттар мен бизнес үшін негізгі іс-шараға айналды.

2023 жылғы форумның тақырыбы – «Құқықтық мемлекет құру үшін билік пен қоғамның серіктестігі».

Форумға Қазақстан мен Астананың үкіметтік емес ұйымдары, мемлекеттік құрылымдар, халықаралық ұйымдар, саяси партиялар мен бизнес өкілдері қатысты.

Қатысушыларға негізгі пленарлық сессияға қатысуға және 3 тақырыптық блоктың бірін таңдауға мүмкіндік берілді:

  • «Халық үніне құлақ асатын мемлекет: серпіліс нүктелері»

  • «Тұрақты ҮЕҰ – елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі»

  • «Әйелдер мен жастар. Әлем. Қауіпсіздік»

Сонымен қатар, форумда азаматтық сектор өкілдерінің жеке тәжірибесі мен ұйымдарының тәжірибесі туралы қызықты сөз сөйлеулер болды.

Сондай-ақ, форумда елордалық үкіметтік емес ұйымдар арасында халықтың әртүрлі топтарын ақпараттандыруға және олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік жобалардың үздік бейнероликтеріне арналған «Жергілікті бастамалар» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау шеңберінде 10 жеңімпаз 500 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Қазақстанның Азаматтық Альянсы мен Астаналық ҮЕҰ Альянсы атынан белсенді ҮЕҰ және бизнес серіктестерге алғыс хаттар тапсырылды.

Форум нәтижесі ретінде Астана қаласының әкімдігіне, Қазақстанның Азаматтық Альянсына және қажет болған жағдайда ҚР бейінді министрліктеріне жіберілетін ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.


Құрметті форум қатысушылары, спикерлер, ұйымдастырушылар, қолөнершілер, волонтерлер және әсіресе форумды ұйымдастыруға күшті қолдау көрсеткен әріптестеріміз!

Сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, шығармашылық табыс және қажымас күш-қуат тілейміз!

Біздің күшііміз – бірлікте!