Маңғыстау облысы

Astana Study Tour | Үшінші күн — маңызды кездесу мен тәжірибе

Жел. 15, 2025 | Қаралымдар: 35

Study Tour аясындағы үшінші күні Маңғыстау облысынан келген делегация Қазақстан Республикасы Парламентінің ғимаратына барып, елдің басты заң шығару органының жұмысымен жан-жақты танысты. Қатысушылар заң шығару үдерісінің кезеңдерімен, комитеттердің қызметімен және Парламент пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Сапар барысында делегация Маңғыстау облысынан сайланған ҚР Парламенті депутаты Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлымен кездесті. Кездесу барысында өңірлік даму мәселелері, азаматтық қоғам институттарының рөлі және қоғамдық кеңестердің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.

Бұл кездесу делегация мүшелері үшін азаматтық бастамаларды заңнамалық деңгейде ілгерілету мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге және өңір мүддесін қорғаудағы депутаттық институттың маңызын сезінуге үлкен мүмкіндік болды.

«Көшбасшылар керуені» жобасы – тәжірибе, диалог және нақты нәтижеге бастар жол.

«Көшбасшылар керуені» жобасы аясында өткен Study Tour жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Маңғыстау облыстық «Азаматтық Альянс» қоғамдық қорының төрағасы Ахметова Жібекке шынайы алғысымды білдіремін!