Маңғыстау облысы
«Көшбасшылар керуені» жобасының қорытындысында біз Сенатта депутат Бекбол Орынбасаровпен кездестік.
Кездесуде ауылдарды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың өмір сапасын арттыру және жаңа Салық, Бюджет, Құрылыс кодекстерінің өңірге әсері талқыланды. Жоба Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы тарапынан жүзеге асырылып, өңірдің өзекті мәселелерін жоғары деңгейде көтеруге мүмкіндік береді.