Маңғыстау облысы

Стади турдың үшінші күні: «Қазақстан халқына» қорымен кездесу

Жел. 12, 2025 | Қаралымдар: 35

Астана қаласындағы Study Tour бағдарламасының үшінші күні Маңғыстау делегациясы «Қазақстан халқына» қорының қызметімен танысты.

Кездесу барысында Қордың директоры Ләззат Чинкисбаева қатысушыларға қордың негізгі бағыттары бойынша мазмұнды презентация өткізді, атап айтқанда:

  • Қор жүзеге асырып отырған әлеуметтік бағдарламалар
  • ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға арналған гранттық қолдау тетіктері
  • Әлеуметтік жобаларды іріктеу, бағалау және мониторинг жүргізу талаптары
  • Өңірлердегі әлеуметтік бастамаларды қолдау механизмдері

Қатысушылар «Қазақстан халқына» қорының нақты критерийлері мен жұмыс алгоритмімен жақыннан танысып, өз жобаларын дамытуға құнды ақпарат алды.

Бұл кездесу делегацияның әлеуметтік саладағы серіктестік мүмкіндіктерін кеңейтті және Маңғыстау өңірінде қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асыруға жаңа серпін берді.