Маңғыстау облысы

Астана Study Tour – маңызды кездесу!

Жел. 11, 2025 | Қаралымдар: 39

Study Tour бағдарламасының маңызды бөлігі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдерімен кездесу болды. Кездесу «Қоғамдық даму институты» КеАҚ ғимаратында өтті, министрліктің азаматтық қоғамды қолдау, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және мемлекеттік ақпараттық саясат саласындағы жұмысы таныстырылды.

Кездесуге Азаматтық қоғам істері комитеті төрайымының орынбасары Елдар Қайсарұлы Сапаров қатысты. Маңғыстаулық делегацияға келесі бағыттар бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

  • Гранттық қаржыландыру жүйесі: жаңа талаптар, басым бағыттар, ҮЕҰ үшін қолжетімді мүмкіндіктер;

  • «Қоғамдық кеңестер туралы» заң: құзырет, өкілеттіктер, есептілік және мемлекеттік органдармен ынтымақтастық тетіктері;

  • «Қайырымдылық туралы» заң: корпоративтік және жеке қайырымдылықты ынталандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қолдау;

  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс: конкурс өткізу тәртібі, мониторинг, есептілік және тиімділікті бағалау;

  • Қоғамдық кеңестердің өңірлік даму үдерісіндегі рөлі: құқықтар мен міндеттері, азаматтармен кері байланыс орнату тәсілдері.

Бұл кездесу делегация мүшелеріне азаматтық қоғамның жұмысын, мемлекеттік қолдау механизмдерін және қоғамдық кеңестердің рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

«Көшбасшылар керуені» жобасы – білім, тәжірибе және байланыс платформасы!