Маңғыстау облысы
Бүгін стратег-сарапшы Гүлмира Қорғанбаева депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелеріне өңірлік даму тақырыбында тренинг өткізді.
Кездесуде аймақтық стратегияны тиімді жоспарлау, басымдықтарды айқындау және өңір потенциалын дұрыс пайдалану бойынша негізгі тәсілдер талқыланды. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.