Маңғыстау облысы

JastarUrban: Ауылдан басталады

Қар. 26, 2025 | Қаралымдар: 34

Онлайн қорытынды есеп конференциясы сәтті өтті!

Бүгін Zoom платформасында JastarUrban: Ауылдан басталады жобасының қорытынды онлайн есептік кездесуі өтті. Іс-шара Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бірлесіп ұйымдастырды.

Онлайн конференция барысында:

  • Жоба толық таныстырылып, оның мақсаты, кезеңдері және ауыл жастарын қолдаудағы рөлі түсіндірілді;
  • Маңғыстау облысының ауылдарында жүзеге асқан 7 жоба туралы баяндалды;
  • Әр бастаманың нәтижелері, әлеуметтік әсері және ауыл өміріне енгізген оң өзгерістері айтылды;
  • Жоба барысында жүргізілген ақпараттық-насихат жұмыстары, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар туралы ақпарат берілді;
  • Жастардың белсенділігінің артқаны, жобалардың басқа ауыл жастарына үлгі болғаны және жаңа идеяларға түрткі болғаны атап өтілді.

Жоба нәтижесінде Маңғыстау ауылдарында жаңа демалыс аймақтары, фотозоналар, шахмат үстелдері, аялдамалар, скейт алаңы және жастарға арналған ашық шығармашылық кеңістіктер пайда болды.