Маңғыстау облысы
Ауыл жастарының урбанистикалық бастамаларының көрмесі өтті!
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Jastar Urban: Ауылдан басталады» жобасы өз мәресіне жетіп, ауыл жастары жүзеге асырған урбанистикалық бастамалардың қорытынды көрмесі өтті. Жоба Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
Гранттық байқау нәтижелері:
7 000 000 теңгелік сыйақы қоры бар байқауға облыстың барлық аудандарынан 42 өтінім қабылданып, оның ішінен 7 үздік жоба грант иегері атанды. Әр жеңімпаз өз идеясын жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін грант алды.
Оқыту және менторлық бағдарламасы:
Грант иегерлері екі күндік оқу және менторлық бағдарламадан өтіп, жобалық менеджмент, қаржылық жоспарлау, урбанистика және азаматтық белсенділік бойынша құнды тәжірибе алды. Оқытуға Urban Forum Kazakhstan сарапшылары қатысты.
Көрменің мақсаты:
Ауыл жастары іске асырған шағын урбанистикалық жобалардың нәтижелерін таныстыру, тәжірибе алмасу және жастардың ауылдық аймақтарды дамытудағы рөлін күшейту.
Қатысушылар:
Көрмеге 50-ден астам адам қатысты: грант иегерлері, әкімдік өкілдері, жастар ұйымдары, волонтерлер, сарапшылар, БАҚ және менторлар.
Жобалардың таныстырылымы:
Жастар дайындалған стендтер арқылы өз жобаларын таныстырып, атқарылған жұмыс, кездескен қиындықтар және оларды еңсеру жолдары туралы бөлісті.
Көрмеде ұсынылған жобалар:
-
«Open Air Jastar» – Балтабай Еркебұлан (Басқұдық)
-
«Скейтпарк» – Дощаев Алмаз (Құрық)
-
«Эко-бұрыш EcoCorner Tenge» – Қаржаубайұлы Сәбит (Теңге)
-
«Эко-Art демалыс және креативті аула» – Жиенбаев Жандарбек (Бейнеу)
-
«Боранқұл ауылына аялдама» – Қусайынов Қуаныш (Боранқұл)
-
«Далаға арналған шахмат үстелі» – Барлыбаева Нұргүл (Маңғыстау)
-
«Демалыс аймағы» – Габбас Бекарыс (Ақшұқыр)
Қорытынды:
Іс-шара соңында үздік жобалар мен белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.