Маңғыстау облысы
«JastarUrban: Ауылдан басталады» жобасы аясында менторлық кездесулер өтті
Маңғыстау облысында жүзеге асырылып жатқан «JastarUrban: Ауылдан басталады» жобасы аясында грант иегерлерімен онлайн және офлайн форматта менторлық кездесулер өткізілді.
Кездесулер барысында қатысушылар өз жобаларының іске асырылу барысын талқылап, тәжірибелі менторлардан кеңес алды. Сонымен қатар жобаларды тиімді басқару, қоғаммен байланыс орнату және тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Менторлар ауыл жастарының урбанистикалық бастамаларын қолдап, олардың өз ауылдарында қоғамдық кеңістіктерді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Жобаның мақсаты — ауыл жастарының әлеуетін арттыру және урбанистикалық мәдениетті дамытуға серпін беру.
Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылды.