Маңғыстау облысы
«Далаға арналған шахмат үстелі» – ауылдағы зияткерлік демалыс кеңістігі!
Жоба жетекшісі: Барлыбаева Нұргүл
Мұнайлы ауданы, Маңғыстау-4 ауылы
Шағын грант: 1 000 000 теңге
Негізгі нәтижелер:
- Маңғыстау-4 ауылының саябағында ашық аспан астында 2 шахмат үстелі және отырғыштар орнатылды;
- Үстелдер шатыр астына орналастырылып, күн мен жауыннан қорғайтын қолайлы жағдай жасалды;
- Бір мезетте 4 адам ойнай алатын интеллектуалды ойын аймағы құрылды;
- Балалар мен жастардың логикалық ойлау, қарым-қатынас және зияткерлік қабілеттері дамыды;
- Ауыл тұрғындарының қоғамдық белсенділігі мен бірлігі артты, саябақтың инфрақұрылымы жақсарды.
«Зияткерлік орта – ауыл мәдениетінің жаңа қыры!»
Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылды.