Маңғыстау облысы

«Эко-Art демалыс және креативті аула» – Бейнеу ауылындағы жаңа демалыс кеңістігі!

Қар. 10, 2025 | Қаралымдар: 27

Жоба жетекшісі: Жиенбаев Жандарбек
Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы
Шағын грант: 1 000 000 теңге

Негізгі нәтижелер:

  • Бейнеу ауылында заманауи демалыс аймағы мен фотоаймақ құрылды;
  • 3 орындық, 3 қоқыс жәшігі, 1 фотозона-инсталляция және 1 ақпараттық стенд орнатылды;
  • QR-код арқылы тұрғындар Бейнеу ауданының тарихы мен көрікті жерлері туралы ақпарат ала алады;
  • Қауіпсіз әрі тартымды қоғамдық кеңістік қалыптасты;
  • Ауылдың эстетикалық және экологиялық келбеті жақсарды, жастардың мәдени белсенділігі артты.

Жаңа кеңістік ауыл тұрғындары мен жастарының сүйікті демалыс және шығармашылық орнына айналды!

«Бейнеуден басталған өзгеріс – экологиялық мәдениет пен креативті кеңістікте!»

Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылды.