Маңғыстау облысы

«Боранқұл ауылы тұрғындарына арналған аялдама» – ауыл инфрақұрылымын жақсартуға арналған жоба!

Қар. 10, 2025 | Қаралымдар: 28

Жоба жетекшісі: Қуаныш Қусайнов
Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы
Шағын грант: 1 000 000 теңге

Боранқұл ауылында тұрғындар мен жолаушыларға арналған 4 жаңа аялдама және 4 қоқыс жәшігі орнатылды.
Бұл бастама ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. 🌤️

  • Нәтижелері:
  • Қоғамдық көлікті күтуге қолайлы жағдай жасалды;
  • 8023 ауыл тұрғыны үшін қауіпсіз орта қамтамасыз етілді;
  • Ауылдың тас жол бойындағы қозғалыс реттеліп, көлік желісінің жұмысы тиімді ұйымдастырылды;
  • Боранқұл ауылының көркі жаңарып, тұрғындар мен қонақтарға қолайлы орта қалыптасты.

«Боранқұл – жайлы аялдамалардан басталады!»

Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылды.