Маңғыстау облысы

«Демалыс орны» – Ақшұқыр ауылының жаңа демалыс кеңістігі!

Қар. 10, 2025 | Қаралымдар: 32

Жоба жетекшісі: Габбас Бекарыс
Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
Шағын грант: 1 000 000 теңге
Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылды.

Ақшұқыр ауылының орталық көшесінде тұрғындар мен қонақтарға арналған ашық демалыс аймағы жасақталды!
Бұл аймақта 10 орындық пен 10 қоқыс жәшігі орнатылып, ауылдың келбеті жаңа тыныс алды.

Нәтижелер:

  • Тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы қоғамдық кеңістік пайда болды;
  • Ауылдың эстетикалық көрінісі жақсарды;
  • Тазалық пен ұқыптылық мәдениеті нығайды;
  • Қоғамдық белсенділік артты.

«Ашық орын» – ауылдың шырайын ашқан жаңа демалыс аймағы!

Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылды.