Маңғыстау облысы
СкейтПарк – Құрық ауылындағы жаңа белсенді демалыс аймағы!
Жоба жетекшісі: Дощаев Алмаз
Қарақия ауданы, Құрық ауылы
Шағын грант: 1 000 000 теңге
М. Жолболдин атындағы саябақ аумағында балалар мен жасөспірімдерге арналған заманауи скейтпарк салынды!
Барлық құрылымдар экологиялық таза ағаштан жасалып, металл бұрандалармен бекітілген.
Нәтижелер:
- 5–17 жас аралығындағы балалар мен жастар үшін қауіпсіз спорт аймағы құрылды;
- Скейтборд, самокат, велосипед және ролик спортына қызығушылық артты;
- Салауатты өмір салты мен белсенді демалыс мәдениеті дамыды;
- Ауыл жастарының бос уақыты тиімді ұйымдастырылды.
СкейтПарк – ауыл жастарының энергиясы мен креативі тоғысқан жаңа кеңістік!
Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы тапсырысы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылды.