Маңғыстау облысы

EcoCorner Tenge – ауыл тұрғындарына арналған демалыс орны және экобұрыш

Қар. 10, 2025 | Қаралымдар: 28

Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы
Жоба жетекшісі: Қаржаубайұлы Сәбит
Шағын грант сомасы: 1 000 000 теңге
Жүзеге асырылған жоба: «JastarUrban: Ауылдан басталады»

Жобаның мақсаты:
Ауыл тұрғындары үшін заманауи, қауіпсіз және экологиялық демалыс аймағын құру.

Жоба аясында:

  • 4 орындық, 2 үстел, 2 қоқыс жәшігі, ақпараттық стенд және QR-код орнатылды;
  • 4х5 метрлік ерекше инсталляция орнатылды;
  • 10 арша және 50 түрлі ағаш көшеттері отырғызылды;
  • 4 шахмат тақтасы ауылдағы ардагерлер үйіне тарту етілді;
  • Экобұрыш аумағы толық абаттандырылып, тұрғындар үшін ыңғайлы демалыс кеңістігіне айналды.

Қатысушылар:
Жобаға ауыл тұрғындары мен жастар қатысты. Ауыл әкімдігі, еріктілер және мектеп оқушылары белсенді қолдау көрсетті.

Жоба аясында шахмат турнирі ұйымдастырылды!
Қатысушылар – Теңге ауылының оқушыларынан құралған команда мен олардың жетекшілері. Турнирге 47 оқушы қатысты, I, II және III орын иегерлері дипломдармен марапатталды.

Нәтижелер мен әлеуметтік әсер:

  • Ауылда заманауи экобұрыш және демалыс аймағы құрылды;
  • 60-тан астам жас пен тұрғын экологиялық акцияларға қатысты;
  • Экологиялық мәдениет пен салауатты өмір салты қалыптасты;
  • Қоғамдық белсенділік пен тұрғындар ынтымақтастығы артты;
  • Ауылдың инфрақұрылымы мен көркем келбеті жақсарды.

EcoCorner Tenge – табиғатты қорғау мен қоғамды біріктіретін жасыл кеңістік!

Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы тапсырысы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылды.