Маңғыстау облысы

Open Air Jastar жобасы аясындағы мобилография мастер-кластары!

Қаз. 30, 2025 | Қаралымдар: 30

Мұнайлы ауданының жастары үшін «Open Air Jastar» урбанистикалық жобасы шеңберінде тегін мобилография мастер-кластары өткізілді!
Қатысушылар смартфон арқылы сапалы фото мен бейне түсірудің құпияларын үйреніп, өз контентін кәсіби деңгейде жасау мүмкіндігіне ие болды.

Мастер-кластарды тәжірибелі маман Балтабай Еркебулан өткізді. Әр сабақта жастар практикалық тапсырмалар орындап, өз жобаларын жасап шықты.

Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылды.