«Open Air Jastar» урбанистикалық жобасы аясында Мұнайлы ауданы жастары үшін заманауи демалыс форматы – ашық аспан астындағы кинотеатр ұйымдастырылды!
Алғашқы кинокеш сәтті өтті – қатысушылар жылы кеште фильм тамашалап, кейін өз әсерлерімен бөлісіп, қызықты пікірталас өткізді
Жоба жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, урбанистика мәдениетін дамытуға және жайлы орта қалыптастыруға бағытталған
Жоба Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылды.