Маңғыстау облысы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ XII АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫ — ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА ДЕЙІНГІ ДИАЛОГ АЛАҢЫ
15–16 қазан күндері Астанада еліміздің ең ірі қоғамдық диалог алаңы — XII Азаматтық форум өтті.
Биылғы форумның тақырыбы: «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекет ынтымақтастығы».
Форум мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, сарапшылар мен белсенді азаматтар үшін қоғам мен мемлекеттің серіктестігін нығайту, әділетті қоғам құру, қайырымдылық мәдениетін дамыту, жасанды интеллект пен цифрлық трансформация, инклюзия және экология мәселелерін талқылау алаңы болды.
Мен үшін форум жаңа идеялар, шабыт, жаңа серіктестіктер мен өзара қолдаудың алаңы болды.
Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог неғұрлым ашық және сенімді болса, еліміздің дамуы соғұрлым берік болады.
Форум аясында Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдары азаматтық қоғам саласындағы үздіктер деп танылып, республикалық деңгейде марапатталды!
Бұл — өңірдің азаматтық белсенділігінің, әлеуметтік жауапкершілігінің және қоғамдық келісімге қосқан зор үлесінің нақты көрінісі.
Марапат иегерлері:
- Жақсыгүл Маханбетова — «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» ҚҚ (жастар саясаты мен балалар бастамалары бағыты)
- Никар Рафикова — «Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» ҚБ (құқық қорғау бағыты)
- Әуес Сағынаева — «Алтын оймақ» ҚҚ (мәдениет пен өнерді дамыту бағыты)
- Толқын Құсайынова — «Parasat Aktau» ҚБ
- Гүлнұр Қушанова — «Рухтан» ҚҚ («Құрметті атақ» — қайырымдылық саласында)
- Гүлзира Есетова — «Саламатты Ел» ҚБ
- Бибігүл Рамазанова — «Риза Ана» ҚҚ
- Ирина Татиева — «Зеленая школа TAZA.LIKEE» ҚҚ
Маңғыстау облысы ҮЕҰ делегациясының Астана қаласындағы форумға қатысуы Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы ұйымдастыруымен, Маңғыстау облыстық Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асты.
Маңғыстаулық ұйымдардың еңбегі — ел көлемінде мойындалған абырой, ал олардың белсенділігі — өзгелерге үлгі!