Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысындағы әйел мигранттардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі зерттеу аясында біз «Маңғыстау құқық №1» Жеке мекемесінің директоры, заңгер Гүлназ Қонарбаевамен сараптамалық сұхбат өткіздік.
Сұхбат барысында мына маңызды мәселелер қаралды:
-
өңірде әйел мигранттардың бейресми жұмыспен қамтылу көлемі;
-
жұмыс берушілер тарапынан ең жиі кездесетін еңбек құқықтарын бұзу фактілері;
-
еңбек заңнамасының сақталуын бақылау механизмдері;
-
әйел мигранттардың еңбек қызметін заңдастырудағы кедергілер;
-
олардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық және процедуралық мүмкін өзгерістер.
Заңгер бейресми жұмыспен қамтылу проблемасы әлі де өткір екенін атап өтті: көптеген әйел мигранттар еңбек шарттарының жоқтығына, еңбекақының төленбеуіне және жұмыс берушіге тәуелділіктен құқық бұзушылықтар туралы хабарлаудан қорқу мәселелеріне тап болады.
Алынған мәліметтер аналитикалық есептің бір бөлігі болып табылады, ол Маңғыстау облысында мигранттардың еңбек құқықтарын қорғау механизмдерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге арналған.
Жоба «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ қаржылық қолдауымен, Еуропалық Одақтың «Батыс Қазақстандағы адам құқықтары үшін бірігу» шағын гранттар бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.