Маңғыстау облысы
«Маңғыстау облысындағы әйел мигранттардың еңбек құқықтарын қорғау» жобасы аясында 2025 жылғы 1 қазан күні сағат 15:00-де фокус-топтық сұхбат өтті.
Кездесудің мақсаты – әйел мигранттардың ресми жұмысқа орналасуына кедергі келтіретін әкімшілік және құқықтық тосқауылдарды анықтау болды.
Фокус-топқа Мұнайлы ауданының көші-қон қызметі, ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, аудандық аурухана және Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері қатысты.
🤝 Мемлекеттік органдар өз тәжірибелерімен бөлісіп, әйел мигранттар жиі кезігетін мәселелерді талқылады.
Жоба «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ-ның қаржылық қолдауымен және Еуропалық одағының «Батыс Қазақстандағы адам құқықтары үшін бірігу» шағын гранттар бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
ℹ️ Аталған жарияланымның мазмұнына «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» толықтай жауапты және ол «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ мен Еуропалық одақтың ұстанымын білдірмейді.