Маңғыстау облысы

«Маңғыстау облысындағы әйел мигранттардың еңбек құқықтарын қорғау» жобасы аясында Ақтау қаласының жұмыс берушілерімен, әйел мигранттармен тікелей жұмыс істейтін, кезекті фокус-топтық дискуссия өтті.

Қыр. 25, 2025 | Қаралымдар: 26

Талқылау барысында жұмыс берушілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзара әрекеттесудің оң жақтарын да, кездесетін қиындықтарды да атап өтті. Жалпы, қатысушылар әйел мигранттардың жауапкершілікті және еңбекқор қызметкер ретінде өзін көрсететінін, әрі оларға әрі қарай жұмыс орындарын ұсынуға дайын екендерін жеткізді.

Мұндай кездесулер әйел мигранттар еңбек нарығында қандай нақты кедергілер мен мүмкіндіктерге тап болатынын анықтауға көмектесіп, олардың жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау негізін қалыптастырады.

Жоба «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ-ның қаржылық қолдауымен және Еуропалық одақ қаржыландыратын «Батыс Қазақстандағы адам құқықтары үшін бірігу» шағын гранттар бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.