Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында әйел мигранттардың еңбек құқықтарын қорғау тақырыбындағы зерттеу аясында біз Александр Викторович Мухамен сұхбат жүргіздік — Адам құқықтары бюросының Маңғыстау филиалының директоры, «Мейірім» ҚБ төрағасы.

Қыр. 23, 2025 | Қаралымдар: 28

Сұхбат барысында сарапшы бірқатар негізгі мәселелерді атап өтті: үй шаруашылығында жұмыс істейтін әйелдер үшін тиімді қорғау механизмдерінің болмауы, жалақының жиі төленбеуі, құжаттардың жұмыс берушілерде ұсталып қалуы, кемсітушілік және харассмент. Сонымен қатар әйел мигранттардың мемлекеттік органдарға деген сенімсіздігі мен нақты көмек көрсететін және сенімге ие ҮЕҰ-лардың маңыздылығы ерекше аталды.

Александр Викторович сондай-ақ ХЕҰ №190 Конвенциясын ратификациялау қажеттілігін, мигранттарды жалдау рәсімдерін жеңілдетуді және құқықтық сауаттылықты арттыру үшін ақпараттық-ағартушылық іс-шараларын ұйымдастыруды атап өтті.

Жоба @ekomangystau «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ-ның қаржылық қолдауымен және @euinkazakhstan Еуропалық одақ қаржыландыратын «Батыс Қазақстандағы адам құқықтары үшін бірігу» шағын гранттар бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Жарияланымның мазмұны «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» толық жауапкершілігінде болып, «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ мен Еуропалық одақтың көзқарасын міндетті түрде білдірмейді.