Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы әйел мигранттардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда. Жоба аясында әйел мигранттармен тікелей жұмыс істейтін Мұнайлы ауданының кәсіпкерлерімен фокус-топтық дискуссия өткізілді.
Кездесу барысында кәсіпкер әйелдер осы топтағы әйелдерді жұмысқа қабылдау және олармен жұмыс істеу кезінде туындайтын қиындықтары мен мәселелері туралы ашық бөлісті. Бұл — шешімдер іздеуге және әділ еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Жоба «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ-ның қаржылық қолдауымен және Еуропалық одақ қаржыландыратын «Батыс Қазақстандағы адам құқықтары үшін бірігу» шағын гранттар бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Жарияланымның мазмұны «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» толық жауапкершілігінде болып, «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ мен Еуропалық одақтың көзқарасын міндетті түрде білдірмейді.