Маңғыстау облысы
JastarUrban: гранттар конкурсының жеңімпаздары анықталды!
Маңғыстау облысында ауыл жастарын қолдауға бағытталған «JastarUrban: Ауылдан басталады» жобасы бойынша жеңімпаздар іріктеліп аяқталды. Жас көшбасшылар ауыл өмірін жайлы әрі заманауи етуге бағытталған бірегей идеяларын ұсынды.
Жеңімпаздар тізімі:
- Балтабай Еркебұлан – «Open Air Jastar»
- Габбас Бекарыс – «Ашық орын»
- Дощаев Алмаз – «СкейтПарк»
- Жиенбаев Жандарбек – «Эко-Art демалыс аймағы»
- Құсайынов Қуаныш – «Автобус аялдамасы»
- Меджанова Атлас – «Баскетбол алаңы»
- Қаржаубайұлы Сабит – «EcoCorner Tenge»
«JastarUrban: Ауылдан басталады» жобасы Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.