Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Тарих және мәдениет саласында волонтерлікті дамыту» жобасы аясында тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған ашық кездесу өтті.
Іс-шара барысында тарихи-мәдени саладағы волонтерлікті дамыту мәселелері қарастырылып, ұлттық мұраны сақтауда азаматтардың қатысуының маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар жаңа білім алып, қызығушылықтары мен мотивациясын арттырды.
Кездесу спикерлері:
тарихи-мәдени саладағы волонтерлікті дамыту жөніндегі тренер, MADENIETTI MURA жобасының амбассадоры — Шаңдыбай Мейірболат Айдосұлы
тарихшы — Алдабергенова Ақторғын Тұрақбайқызы
Кездесу аясында ашық диалог ұйымдастырылып, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өзекті бастамаларды талқылады.
Осындай мотивациялық және білім беру іс-шараларын өткізу волонтерлік қозғалысты дамытуға, азаматтық белсенділікті қалыптастыруға және жастарды мәдени-ағартушылық қызметке тартуға ықпал етеді.