Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп «Ұстаным» пікірталас клубының отырысына қатысты.
Жиында ұлттық құндылықтар мен дәстүрлердің қоғамдық дамудағы рөлі талқыланды. Сенатор қоғамның тұрақты дамуы рухани негізге тікелей байланысты екенін атап өтті.
Оның айтуынша, ұлттық құндылықтар – тек өткеннің мұрасы емес, бүгінгі қоғамдағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің негізі.
Сондай-ақ жаһандану жағдайында бұл құндылықтарды сақтау мен дамыту маңызды екені айтылып, білім беру, отбасы және мәдени бастамалардың рөлі ерекше екені атап өтілді.