Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында біз шағын гранттардың нәтижелері туралы баяндауды жалғастырамыз.
Жетісу облысы, Ақсу ауданында «Жансүгіров» қоғамдық қоры «Жұмыссыз жастарды қолдау» жобасын жүзеге асырды. Жоба жұмыссыз жастар мен жас отбасыларды қолдауға, сондай-ақ олардың жұмыспен қамтылу және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды.
Жоба аясында 9–30 қазан аралығында ауданның 17 ауылдық округінде жастармен көшпелі кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулерге жұмыссыз жастар, жеңілдетілген несиелер алуға қызығушылық танытқан азаматтар және жас отбасылар қатысты. Қатысушыларға мемлекеттік және квазимемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттық-әдістемелік материалдар таратылып, гранттық конкурс аясында дайындалған кеңсе тауарлары бар брендтелген папкалар табысталды.
31 қазанда қайтарымсыз мемлекеттік грант иегері Гүлмира Оспанованың қатысуымен мотивациялық кездесу өтті. Ол өз кәсібін ашудағы жеке тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар қатысушыларға практикалық ұсыныстар мен қосымша ақпараттық материалдар ұсынылды.
Жобаның қорытынды кезеңі ретінде 3 қараша күні семинар ұйымдастырылып, оған 85 адам қатысты. Іс-шара барысында кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, Мансап орталығы, кәсіпкерлік бөлімі және Жастар ресурстық орталығының мамандары сөз сөйледі. Спикерлер мемлекеттік қолдау шаралары, жеке кәсіп ашу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жобаны іске асыру нәтижесінде жастардың жұмыспен қамтылу және кәсіпкерлік мүмкіндіктері туралы ақпараттану деңгейі артты, сондай-ақ жастар, мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара іс-қимыл нығайды.