Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Бүгін Қазақстан Республикасында мемлекеттің одан әрі дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын негізгі заң — жаңа Конституция қабылданды.
Жаңа Конституцияның қабылдануы әділеттілік, заңдылық және есептілік қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ ашық әрі тұрақты қоғамды дамытуға бағытталған саяси жаңғыртудың маңызды кезеңі болып табылады.
Жаңартылған конституциялық нормалар мемлекеттік басқару жүйесінде азаматтардың рөлін күшейтіп, қоғамның шешім қабылдау үдерісіне қатысу тетіктерін кеңейтеді және азаматтық қоғам институттарының дамуына қосымша жағдайлар жасайды.
Қазақстанның Азаматтық альянсы жаңа Конституцияның қабылдануын мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ тиімді әрі белсенді азаматтық ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырады.