Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«Тарих және мәдениет саласында волонтерлікті дамыту» жобасы аясында тарихи-мәдени мұраға қызығушылықты арттыруға бағытталған ашық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мәдениет пен тарих саласындағы волонтерлікті дамыту жолдары талқыланып, ұлттық мұраны сақтау ісіне азаматтардың белсенді қатысуының маңызы ерекше атап өтілді. Қатысушылар жаңа ақпарат алып, білімдерін толықтырып, қызығушылықтары мен ынталарын арттырды.
Кездесу спикерлері:
тарихи-мәдени саладағы волонтерлікті дамыту жөніндегі тренер, MADENIETTI MURA жобасының амбассадоры — Шаңдыбай Мейірболат Айдосұлы
кітапханашы, тарихшы — Жубатканова Сандугаш Жарасқызы
Кездесу барысында ашық пікір алмасу алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойып, маңызды бастамаларды бірге талқылады.
Мұндай білім беру және мотивациялық кездесулер волонтерлік қозғалыстың дамуына серпін беріп, азаматтық белсенділікті арттыруға және жастарды мәдени-ағартушылық қызметке кеңінен тартуға ықпал етеді.