Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында жүргізілген мониторингтен кейін қоғам белсенділері бір маңызды қорытындыға келді: ағаш отырғызу — тек шұңқыр қазып, көшет отырғызу емес. Бұл — жүйе, жауапкершілік және ұзақмерзімді жұмыс.
📣 Осыған орай өңірлік белсенділер жергілікті және мемлекеттік органдарға келесідей ұсыныстар білдіреді:
🏢 Жергілікті атқарушы органдарға:
-
Міндетті күтімді енгізу. Мемлекеттік сатып алуларда өсімдіктерге кемінде бір жыл кепілдікпен күтім көрсету талабын енгізу қажет.
-
Жауапты маман тағайындау. Ауыл әкімдіктерінде көгалдандыруға жауапты нақты тұлға болуы тиіс. Қазіргі таңда бұл жүйе жеткіліксіз.
-
Тұрақты жасыл жүйеге көшу. Біржылдық гүлдерге қаржы жұмсаудың орнына көпжылдық ағаштар, бұталар мен шөптерден тұратын көпқабатты көгалдандыру жүйесін енгізу маңызды.
-
Қорғаныс шаралары. Жануарлардан қорғау үшін қоршаулар мен торлар орнатып, вандализмнің алдын алу шараларын қабылдау қажет.
-
Қоғамды тарту. Мектептерді, жастарды және қоғамдық ұйымдарды көгалдандыру мен күтім жұмыстарына тарту арқылы ортақ жауапкершілікті қалыптастыру керек.
🏛 Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ларға:
6. Қоғамдық бақылау тетіктерін енгізу. Абаттандыру жобаларының орындалуын халықтың бақылауына мүмкіндік беру қажет.
7. Аймақтық стандарттар әзірлеу. Қуаң климат жағдайында тиімді көгалдандыруға арналған арнайы өңірлік нұсқаулықтар қажет.
8. Пилоттық жобаларды іске қосу. Волонтерлер, экоклубтар және жастар ұйымдарының қатысуымен пилоттық экожобаларды жүзеге асыру нақты нәтиже береді.
📌 Бюджетті игеріп, тек есеп үшін жұмыс істеу — бұл саясат емес. Басты мақсат — болашақ үшін нақты әрекет ету.
🌱 Ең бастысы — ағашқа күтім қажет. Ал сапалы күтім жүйелі жоспар мен нақты жауапкершілік арқылы ғана жүзеге асады.
Аталған зерттеу «Маңғыстау өңірінде экологиялық сатып алулардың ашықтығына бағытталған азаматтық бақылау және адвокация» жобасы аясында GLOBAL GREENGRANTS FUND шағын грантының қолдауымен жүзеге асырылуда.