Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және Әділетті Қазақстан қағидаттарын іс жүзінде іске асыру» тақырыбында сұхбатын талқылау шеңберінде дөңгелек үстел

Қазақстанның Азаматтық Альянсының кеңсесінде «Қоғамдық кеңестер институттарын дамыту» жобасын іске асыру аясында Мемлекет басшысының сұхбатын талқылауға арналған дөңгелек үстел форматындағы іс-шара өтті. Қазақстан Азаматтық альянсының президенті - Нұрғазиева Бану Ғаниқызы модератор болды.
Талқылау аясында қатысушылар Президенттің сұхбатының негізгі тұстарын талдап, сұхбатта қозғалған маңызды тақырыптар бойынша өз пікірлері мен ойларын білдірді. Іс-шарада экономика, саясат, қоғамдық даму, ұлттық мәдениет және басқа да мәселелер мұқият қаралып, талқыланды.
Қатысушылар Мемлекет Басшысына «Егемен Қазақстан» газетіне берген осындай ақпараттық және мазмұнды сұхбаты үшін алғыстарын білдірді. Олар оны прогрессивті ұлтты дамыту мен нығайтудағы маңызды қадам деп таныды және сұхбаттарда айтылған ұсынылған идеялар мен даму жолдарына қолдау білдірді.
Іс-шара гибридті форматта өтті, оған 70-тен астам адам қатысты.