Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысына қарасты Батыр ауылындағы қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру жұмыстарының нәтижесі көңіл көншітпейді.
Жергілікті тұрғындар мен белсенділер жүргізген қоғамдық мониторингке сәйкес, ауылдың Орталық саябағы мен Емір ықшамауданындағы саябақтағы жағдай сын көтермейді. Ағаштар қурап жатыр, аумақ қараусыз қалған, жұмыстар сапасыз атқарылған.
Мониторинг нәтижесінде Орталық саябақта отырғызылған ағаштардың тек 20–30%-ы ғана тірі қалғаны анықталды. Қалғандары суарылмағандықтан қурап кеткен. Топырақ қатты кеуіп, суару жүйесі орнатылмаған.
Сонымен қатар күтім жұмыстары (қопсыту, арамшөп жұлу, санитарлық қию) да жүргізілмеген.
Емір ықшамауданындағы саябақта жағдай одан да нашар. 2024 жылы отырғызылған бірде-бір жаңа ағаш қалмаған. Бұрынғы ағаштар да суарылмағандықтан қурап кеткен. Саябақ аумағы қараусыз, арамшөп басып кеткен. Фотофиксациялар бұл жағдайды нақты көрсетеді.