Маңғыстау облысы

«Нұрлы Маңғыстау» қоғамдық қоры «Маңғыстау облысындағы экологиялық сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық экомониторинг пен адвокация» жобасын бастады

Маусым 26, 2025 | Қаралымдар: 20

Жобаның мақсаты — Маңғыстау облысының экологиялық сатып алуларының ашықтығы мен тиімділігін азаматтық мониторинг пен адвокация арқылы қамтамасыз ету

Жоба аясында қалдықтарды басқаруға қатысты экологиялық сатып алуларға қоғамдық мониторинг жүргізіліп, проблемалары анықталып, шешу жолдары ұсынылады

Сонымен қатар, экологиялық сатып алулар саласындағы өзгерістерге қол жеткізу үшін адвокациялық іс-шаралар, ақпараттық кампаниялар, қоғамдық тыңдаулар, және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл арқылы қоғамның қатысуы мен хабардарлығы арттырылады

Жоба Маңғыстау облысы Азаматтық альянсының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.