Маңғыстау облысы
12 мамыр күні Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды, Елші азаматтық сектор көтеріп жүрген проблемалар жайлы сұрап білді. ҮЕҰ өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Сонымен қатар, Елші Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы жүзеге асырған жобасы аясында гранттық қолдауға ие болған бастамалармен танысты.