Маңғыстау облысы
«Адал азамат – белсенді қоғам» жобасы аясында «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» фокус-топтық сұхбат өткізді
Фокус-топқа өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты. Кездесу барысында аймақтың өзекті мәселелері талқыланып, оларды азаматтық қоғамның белсенді қатысуымен шешу мүмкіндіктері қарастырылды.
Бұл шара өңірдегі маңызды мәселелерді шешу жолдарын талқылап, азаматтық қоғам мен жергілікті ұйымдар арасында серіктестік орнатуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуге бағытталған. Сонымен қатар, қоғам белсенділерінің бірлесіп жұмыс істеу мәдениетін дамытуға ерекше назар аударылды.