2024 жылғы 27 қарашада Маңғыстау облысына жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨБ) саласының сарапшылары делегациясы келді. Делегация құрамына Варшава университетінің қосымша профессоры, Еуропалық Одақтың халықаралық сарапшысы доктор Йованка Якубек-Лалик және Қазақстан Республикасындағы ЖӨБ ұлттық сарапшысы, Zertteu Research Institute директоры Шолпан Айтенова кірді.
Күннің бірінші жартысында сарапшылар Маңғыстау облысының ауыл әкімдері мен депутаттарымен кездесіп, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін талқылады. Түстен кейін олар бұрын ЕС гранттық қолдау алған әлеуметтік кәсіпорындарға барды.
Сапар барысында Еуропалық Одақ жобаларының тиімділігі бағаланып, одан әрі ынтымақтастық перспективалары қаралды.
Іс-шараның негізгі серіктесі және ұйымдастырушысы — «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» ҚҚ.