Маңғыстау облысы
Маңғыстау жастарына арналған бұл жоба шын мәнінде өмірді өзгертеді!
БҰҰ Даму Бағдарламасының (ПРООН) қолдауымен, "КАМЕДА" ҚҚ және Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсының серіктестігімен жүзеге асырылатын жоба жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуға, негізгі дағдыларын дамытуға және өз болашағын сенімді құруға бағытталған.
Жобаның қатысушылары:
- Ақтау қаласы – 35 жас
- Жаңаөзен қаласы – 35 жас
- Бейнеу ауылы – 30 жас
Барлығы – 100 жас
Бағдарламаның маңызды бөлігі – «Эмоционалды интеллектті дамыту» тақырыбындағы екі күндік тренингтер.
Тренингтер қатысушыларға:
-
эмоцияларды түсіну және басқару,
-
тиімді қарым-қатынас жасау,
-
өзіне деген сенімділікті арттыру дағдыларын дамытуға,
сонымен қатар өзгерістерге бейімделуге, күйзелісті жеңуге және жеке өмір мен жұмыста тиімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Жоба тек білім берумен шектелмей, жастарға қолдау көрсетуге, мотивация беруге және жаңа өмірге бастама жасауға мүмкіндік береді.