Маңғыстау облысы
2023 жылдың 30 мамыр күні Гражданский Альянс Маңғыстау облысының ұйымдастыруымен, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысы бойынша және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы – ЦПГИ қолдауымен «Өңірлік ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы аясында «Фандрайзинг» тақырыбында тренинг өткізілді.
Қатысушылар тренинг барысында «Фандрайзинг» ұғымымен, оның стратегиялары мен қаражат тарту әдістерімен танысып, өз жобалары мен мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін гранттар мен демеушілік ресурстар туралы білім алды.
Тренингті Алматы қаласынан келген фандрайзинг және стратегиялық мәселелер бойынша сарапшы, тренер-кеңесші – Жанель Баястанова өткізді.