Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Конрад Аденауэр қорымен бірлесіп құрылған "Adal Azamat" журналының алғашқы саны

Сіздерге Конрад Аденауэр атындағы қормен бірлесіп құрылған «Adal Azamat» журналының алғашқы шығарылымын ұсынуға қуаныштымыз.
Бұл нөмір Қазақстанның XI азаматтық форумына арналған. Ол форум аясында талқыланатын маңызды бастамалар, сондай-ақ ел дамуының түрлі салаларындағы жетістіктер туралы толық ақпарат береді.
«Adal Azamat» журналының келесі басылымдарында біз өзекті мәселелерді шешуге, осал топтарды қолдауға және орнықты дамуға жәрдемдесуге бағытталған ҮЕҰ-ның тарихы мен бастамаларын егжей-тегжейлі қарастырамыз. Журнал жылына 2 рет тұрақты негізде шығарылады.
Журналдың бірегейлігі-журнал үш тілде шығарылады, сонымен қатар сіз оны төмендегі сілтеме арқылы электронды форматта оқи аласыз
https://disk.yandex.com/d/7MK_qENCvUbsJQ