Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы Құрық ауылында 23 мамыр 2023 жылы өткен The World Cafe (Дүниежүзілік кафе) шарасында ауылдардың маңызды мәселелері талқыланды.

Мамыр 29, 2023 | Қаралымдар: 20

Шараға Қарақия ауданының жергілікті қоғамдастық мүшелері мен әкімшілік қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар ауданға ортақ мәселелерді талқылап, оны шешу жолдары бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, жоба аясында жарияланған шағын гранттар байқауының ережесі мен өтінім формасымен таныстырылды.

«Ауылды бірлесе дамыту» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы – ЦПГИ қолдауымен жүзеге асырылуда.