Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданында 16 мамыр 2023 жылы өткен The World Cafe (Дүниежүзілік кафе) шарасында ауылдардың маңызды мәселелері талқыланды.
Шараға Маңғыстау ауданына қарасты ауыл кәсіпкерлері, жергілікті қоғамдастық мүшелері және әкімшілік қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар ауданға ортақ мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдары бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, жоба аясында жарияланған шағын гранттар байқауының ережесі мен өтінім формасымен таныстырылды.
«Ауылды бірлесе дамыту» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы – ЦПГИ қолдауымен жүзеге асырылуда.