Маңғыстау облысы
2023 жылдың 11 мамыр күні Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысы және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Өңірлік ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы аясында «Жобаларға өнім дайындау» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында қатысушылар жобаларға ұсыныстар жасау, қажетті құжаттарды дайындау, презентация және жобалық өнімдерді тиімді ұсыну әдістері бойынша білім алды.