Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданында 2023 жылдың 5 мамырында өткен The World Cafe (Дүниежүзілік кафе) шарасында ауылдардың маңызды мәселелері талқыланды.
Шараға Мұнайлы ауданына қарасты ауыл кәсіпкерлері, жергілікті қоғамдастық мүшелері және әкімшілік қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар ауданға ортақ мәселелерді талқылап, оны шешу бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, жоба аясында жарияланған шағын гранттар байқауының ережесі мен өтінім формасымен танысты.
«Ауылды бірлесе дамыту» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.