Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Жыл сайынғы есептілікті 31 наурызға дейін ҮЕҰ Дерекқорына тапсыру

ҮЕҰ Дерекқоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органға қызмет туралы мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылады.
Мәліметтерді электронды түрде ұсыну үшін ҮЕҰ Дерекқорының веб-порталы жұмыс істейді – infonpo.gov.kz.