Қызылорда облысы
Қызылорда облысында салалық басқармалар мен ҮЕҰ өкілдерінің кездесуі өтті
Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы бастамасымен, төрайымы Анар Изден Жарылқасынқызының модераторлығымен Достық Үйінде «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбындағы XII өңірлік азаматтық форум ұсынымдарын іске асыру аясында салалық принцип негізінде үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жүйелеуге арналған кездесу өтті.
Кездесуге облыстық басқармалар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты. Олар денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, экология және табиғи ресурстар салаларындағы серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады.
Ашық диалог барысында:
- мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен алдағы жұмыс жоспарлары таныстырылды;
- өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылды;
- нақты ұсыныстар мен бастамалар айтылды.
Кездесу азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге, жарғылық мақсаттарына сәйкес серіктестікте жұмыс жасауды жолға қоюға бағытталды.
Кеңінен талқыланған сұрақтар:
• Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, экология салаларында ҮЕҰ қандай жобалар мен гранттар бойынша ынтымақтасуға дайын?
• Ардагерлер мен зейнеткерлерге тегін демалыс орындарына және медициналық қызметтерге квота қарастырылған ба?
• ҮЕҰ қызметкерлерін жұмыспен қамту орталықтары арқылы субсидиялау мүмкіндігі бар ма?
• ҮЕҰ медициналық қызметтердің сапасын мониторингтеуге қалай қатыса алады?
• Жүйелік мәселелер анықталған жағдайда ҮЕҰ қайда және кімге жүгінуі керек?
Айтылған ұсыныс-пікірлер қорытындылары алдағы «Дүниежүзілік ҮЕҰ күні» шарасы аясында жария етілетін болады.