Қызылорда облысы

Қызылордада ҮЕҰ өкілдері мен мемлекеттік органдар басшыларының кездесуі өтті

Ақп. 9, 2026 | Қаралымдар: 26

Бүгін Достық үйінде Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдары (ҮЕҰ) өкілдері мен мемлекеттік орган басшыларының кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге облыстық қоғамдық даму, білім, мәдениет, архивтер және құжаттама, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, экономика және қаржы басқармаларының басшылары мен орынбасарлары, сондай-ақ дін істері басқармасының бөлім басшысы қатысты.

Көтерілген негізгі мәселелер:

  • Қоғамдық даму басқармасы басшысы Руслан Мұхамедәліұлы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) аясындағы жобалардың тиімділігін, азаматтық қоғаммен серіктестіктің барысын және алдағы міндеттерді талқылады.

  • ҮЕҰ өкілдері МӘТ жобаларын жетілдіру, жаңарту және қоғам сұранысына бейімдеу қажеттігін атап өтті.

  • «Ұрпақтан ұрпаққа» ҚБ төрағасы Сайлаубай Әбішев мәдени мұра ескерткіштерін сақтау, білім беру құралы ретінде пайдалану және жас ұрпақты тәрбиелеу шараларын ұсынды.

  • Ауған соғысы ардагерлері патриоттық тәрбие және алғашқы әскери дайындық бойынша мектептер мен ҮЕҰ арасындағы нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу ұсынысын жеткізді.

  • Ардагерлерді әлеуметтік қолдау: «Невада–Семей» ҚБ және Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық көлікте тегін жүру және коммуналдық төлемдер бойынша жеңілдіктер беру мәселесін көтерді.

  • ҮЕҰ қызметіндегі ашықтық пен құқықтық қорғалуды қамтамасыз ету, қаржылық бақылау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобалардың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту ұсынылды (Маратбек Нұржанов, «Ақиқат нұры» ҚБ).

  • Әлеуметтік кәсіпкерлік мәртебесі: ҮЕҰ-ны әлеуметтік кәсіпкерлердің ресми тізіліміне енгізу мүмкіндігі мен оның артықшылықтары талқыланды.

Кездесу қорытындылары:

  • Облыс әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңесінің келесі отырысында азаматтық сектор мен билік арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін нақтылау;
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағыттарын кеңейту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • XII өңірлік форум ұсынымдарының орындалуына талдау жасау (2025 ж., «Ауылдық аумақтарды дамытудағы ҮЕҰ рөлі»).

Кездесу модераторы, Қызылорда облысының ҮЕҰ Альянсы қауымдастығының төрайымы Анар Ізден Жарылқасынқызы, пікірталастың сындарлы өткенін, жекелеген мәселелерден жүйелі заңнамалық және қаржылық тетіктерге көшуге мүмкіндік бергенін атап өтті.