Қызылорда облысы

Қызылордада Конституциялық реформаны талқылау өтті

Ақп. 5, 2026 | Қаралымдар: 23

Қызылорда қаласында Қызылорда облыстық ҮЕҰ Альянсы бастамасымен қоғамдық бірлестіктер жетекшілері мен азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен Конституцияның жаңа редакциясына енгізілетін өзгерістер талқыланды.

Облыстық Азаматтық Альянс төрайымы Анар Ізден Жарылқасынқызы реформаның негізгі бағыттарын түсіндіріп, ұсынылған түзетулердің:
• құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға,
• азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге,
• қоғамдық және мемлекеттік қатынастарды жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.

Талқылау барысында қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесін нақтылау мәселелеріне ерекше назар аударды. Азаматтық қоғам өкілдері бұл өзгерістер тұрғындардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтетінін және мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыратынын атап өтті.

Кездесу қорытындысында қатысушылар мұндай ашық пікір алмасу алаңдарының мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы сенімді нығайтып, халық үніне құлақ асатын тиімді тетіктерді қалыптастыратынын атап өтті. Алдағы уақытта қоғамдық ұйымдар салалық принцип негізінде басқарма басшыларымен кездесіп, ауылдық ҮЕҰ мен жергілікті қоғамдастық мүшелерімен көшпелі кездесулер өткізетін болады.