Қызылорда облысы
«Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында азаматтық форум өтті
Форум аясында Сырдария ауданының Нағи Ілиясов және Бесарық ауылдарында секциялық отырыстар өткізілді. Онда ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешу, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, қоғамдық бақылауды жүргізуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ҮЕҰ туралы жаңа заң жобасы қаралып, тиісті ұсынымдар қабылданды.
• Елімізде ҮЕҰ туралы жаңа заң жобасының талқыланып жатқаны баршамызға белгілі. Заң қабылданған жағдайда, үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесі мен есеп беру жүйесі өзгеріске ұшырайды.
• 2018 жылдан бері Қазақстанда «төртінші деңгейлі бюджет» заңнамалық тұрғыда енгізілген. Бұл жергілікті қоғамдастықтың институционалдық тұрақтылығын қамтамасыз етеді және биліктің аумақтарды дамытудағы жауапкершілігін арттырады.
• Соңғы жылдардағы өзгерістер азаматтық қоғамды қолдау тәсілдерін қайта қарауға мүмкіндік береді. Азаматтық қоғам институттары қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау, әлеуметтік топтардың бірлесіп жұмыс жасау қабілетін арттыру үшін маңызды рөл атқарады.
Форумда көтерілген мәселелер екі секцияда жан-жақты талқыланды.