Қызылорда облысы
«4-деңгейлі бюджетті енгізу арқылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық тәуелсіздігі: азаматтық қоғамның қатысуы» тақырыбында кездесу
«Адал азамат – белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту ұлттық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында:
-
Қызылорда қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының Талдау және есепке алу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жиенқожаева Айсауле Маратқызы 4-деңгейлі бюджетке қатысты ақпарат беріп, қатысушылардың ҚР Салық Кодексі бойынша сұрақтарына жауап берді.
-
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған Тұжырымдамасы таныстырылып, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жұмыс бағыттары қаралды.
-
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырған болатын. Ауылдарды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуы үшін қоғамдық ұйымдардың қатысуы қажет екені атап өтілді.
«Адал азамат – белсенді қоғам» жобасы аясында Қазақстанның Азаматтық Альянсымен бірлескен іс-шаралар жалғасатын болады.